Шымкентте «MegaSoft» компаниясымен инвестициялық кездесу өтті

0
237

Қытайлық тарап ұсынылған жағдайларды жоғары бағалап, ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.


Шымкентте «MegaSoft» компаниясымен инвестициялық кездесу өтті

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласында Қытайдың «MegaSoft» компаниясы өкілдерімен инвестициялық кездесу өтті. Жиын барысында инвесторларға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімі ұсынылды.

Аталған аймақ қазір 100% толығымен кәсіпорындармен қамтылған. Осыған байланысты оны қосымша 100 гектарға кеңейту жоспарда бар.
Кездесу кезінде инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер, инфрақұрылыммен қамту, жер телімін рәсімдеу сынды мүмкіндіктер жан-жақты таныстырылды.
Қытайлық тарап ұсынылған жағдайларды жоғары бағалап, ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.