Мүмкіндігі шектеулі 6000-нан астам баланың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.
Шымкентте 1 – маусым балалар мерекесі күні қарсаңында 18-жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір реттік төлем жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мүмкіндігі шектеулі 6000-нан астам баланың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Мерекелік төлемді жүзеге асыруда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметтері негізге алынады.