Шымкентте міндетті медициналық сақтандыру арқылы көрсетілетін қызметтердің саны артты

0
2 057

Биыл міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты өтеу сомасы 67 млрд 819 млн теңгеге дейін ұлғайды.


Шымкентте міндетті медициналық сақтандыру арқылы көрсетілетін қызметтердің саны артты

Шымкентте міндетті медициналық сақтандыру арқылы көрсетілетін қызметтердің саны артт, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте 32 мемлекеттік және 72 жеке медициналық ұйым бар. Олар бүгінде 100% «сақтандыру» ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау үшін 38 терминал орнатылған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ көрсеткен медициналық қызметтер үшін өтемақы сомасы 2019 жылға 42 млрд 444 млн теңгені құрады. Оның 3 млн 437 мыңы қызмет үшін қолданылған.

Биыл міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты өтеу сомасы 67 млрд 819 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60% артық. Ал көрсетілетін медициналық қызметтер саны 2 есеге өсіп, 6 млн 981 мыңға жетті.