Шымкентте онкологтарға арналған шеберлік сабағы өтіп жатыр

0
458

Тәжірибе алаңында мамандар өзара тың тәжірибелерімен алмасады.


Шымкентте онкологтарға арналған шеберлік сабағы өтіп жатыр

Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының онколог-дәрігерлерінің қатысуымен "Онкологиялық тәжірибедегі интервенциялық хирургияның өзекті мәселелері" тақырыбында екі күндік шеберлік сабағы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәжірибе алаңында мамандар өзара тың тәжірибелерімен алмасады және рентгенхирургияның заманауи әдістерін қолдана отырып, пациенттерге онкологиялық көмек көрсетудің замануи әдістерін, пациенттерді қатерлі ісік және бауыр ісігі аурулары кезінде химиоэмболизациялауға іріктеу, бас және мойын ісіктері кезінде өңірлік химиоинфузия, өкпе және жатыр мойны обыры, сондай-ақ бүйрек обыры мен жамбас ісігі ауруларында ісіктерді эмболизациялау мүмкіндіктерін талқыламақ.
Еске сала кетейік, былтыр Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және басқарма басшысының қолдауымен және орталық басшылығының белсенді жұмысының нәтижесінде орталықта Phillips azurion-7 заманауи ангиографы орнатылған болатын. Бұл онкологтар үшін де, рентгенхирургиялық ем алатын науқастар үшін де соңғы үлгідегі, таптырмас құрал.
Жыл басынан бері бұл ангиографта жоғары технологиялық емдеу санатына жататын бауыр, өкпе, бүйрек және жамбас қатерлі ісігінің химиоэмболизациясы бойынша 150-ден астам ота жасалды. Орталықта апта сайын 10-12 ота жасалады. Сонымен қатар орталықтың тек Шымкенттік қана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келетін барлық пациенттерді қабылдауға мүмкіндігі мол.