ШЫМКЕНТТЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БІРІНШІ ЖАҺАНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ — GLOBAL TECH WAVE CENTRAL ASIA ӨТЕДІ

0
90

Жаһандық конференцияға аймақтың технологиялық болашағымен бөлісіп қана қоймай, оның дамуына инвестиция салуға дайын YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft және Griffin Gaming серіктестері бастамашылық етті.


ШЫМКЕНТТЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БІРІНШІ ЖАҺАНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ — GLOBAL TECH WAVE CENTRAL ASIA ӨТЕДІ

2025 жылдың 12 мен 14 қыркүйегі аралығында Қазақстанның мегаполисі және еліміздің ірі өнеркәсіп орталығы Шымкент қаласында бірінші Global Tech Wave Central Asia (бұдан әрі – GTW CA) өтеді.

Бұл аймақта теңдесі жоқ жаңа форматтағы орталықтандырылмаған цифрлық конференция. GTW CA жетекші халықаралық сарапшыларды, стартап-қауымдастықтарды, инвесторларды және жаһандық корпорациялардың өкілдерін біріктіреді.

Жаһандық конференцияға аймақтың технологиялық болашағымен бөлісіп қана қоймай, оның дамуына инвестиция салуға дайын YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft және Griffin Gaming серіктестері бастамашылық етті. Y Combinator, 500 Startups, Andreessen Horowitz (a16z), European Business Angels Network өздерінің қатысуын алдын ала растады. Мұндай компаниялардың, сондай-ақ басқа венчурлық және акселерациялық қорлардың болуы қазақстандық стартаптар үшін инвестициялардан бастап тәлімгерлік қолдауға және стратегиялық өсуге дейін үлкен мүмкіндіктер ашады.
GTW CA – LA Tech Week апталығында, одан кейін Грузияда (Тбилиси, 20-22 маусым) басталған оқиғалар тізбегі, содан кейін ол Орталық Азияға, атап айтқанда Шымкентке ауысады. Одан әрі шара Үндістан мен Уругвайда өтеді.
Үш күн ішінде Шымкенттің әртүрлі орындарында Web3, жасанды интеллект және финтехтен мәдениет пен қоғамдағы цифрлық трансформацияға дейінгі озық тақырыптарды қамтитын 30-дан астам іс-шара өтеді. Сондай-ақ, цифрлық іс-шарада алғаш рет кинотеатр, ойын және киберспорт тармақтары болады.
Бағдарламаның іскерлік және көрмелік бөлігіне келетін болсақ, GTW CA екінші күнінде 120-дан астам спикердің қатысуымен панельдік сессиялар өтеді. Конференция барысында B2B, B2G кездесулерін өткізу және көрмеде өз компанияңызды таныстыру мүмкіндігі болады. Конференция сондай-ақ болашағы зор жобаларды жаһандық аудиторияға көрсетуге мүмкіндік беретін екі халықаралық стартаптар байқауын қамтиды. Конференцияға 20-дан астам елден қатысушылар қатысады деп күтілуде.
«Global Tech Wave Central Asia тек технологиялық прогрестің алаңы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге Қазақстанның Орталық Азиядағы жаңа инновациялық орталыққа айналып жатқан мемлекет ретіндегі бай мәдени ерекшелігін көрсету мүмкіндігі болып табылады және бұл шараны өткізу біздің ұжым үшін үлкен жауапкершілік, өйткені Қазақстаннан кейін эстафетаны Үндістан қабылдайды», - деп бөлісті GTW жобасының жетекшісі Қымбат Нұртаева.
Бөлісу