​Шымкентте полицейлер кәсіби мерекесін қала тұрғындарымен бірге атап өтті

0
98

«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталды.


​Шымкентте полицейлер кәсіби мерекесін қала тұрғындарымен бірге атап өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Шымкентте қаланың тәртіп сақшылары мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шара тұрақты да қауіпсіз қоғамның негізі саналатын «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталды.

Концерт “Shymkent City Mall” сауда-ойын-сауық орталығында өтіп, қала тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды. Сахнада Полиция департаментінің қызметкерлері, Б.Момышұлы атындағы ІІМ оқу орталығы, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері мен 6506 әскери бөлімінің оркестрі өнер көрсетті.
Әрбір өнер көрсету нөмірі патриотизм, қызметке адалдық пен Отанға деген сүйіспеншілікке толы болды. Көрермендер сүйікті әндерді қосылып шырқап, күн сайын қоғам тыныштығын күзетіп жүрген жандарға алғыстарын білдірді.
Бөлісу