Шымкентте «Шырайлы, шежірелі құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысы өтеді

0
102


Шымкентте «Шырайлы, шежірелі құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысы өтеді

Қала күніне орай Шымкент қаласында «Шырайлы, шежірелі құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Бұл дүбірлі додада еліміздің әр өңірінен келген сөз жүйріктері бас қосады.
Айтыс сахнасында: Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Арғынбек Қалбаев, Марат Ахметов, Ержан Әміров, Алтынкүл Қасымбекова, Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұхан Абзалов, Нұрғали Әнапия өзара сөз қағыстырып, шеберлік танытады.
Айтыстың аламанында әділ төрелігін айтып, сөз додасының шынайы шеберлерін анықтайтын қазылар алқасының төрағасы – қазақ айтысының абызы, ардақты ақын Жүрсін Ерман.
Айтыс тізгінін ұстайтын — белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев. Бас жүлде - автокөлік болмақ.
Айтыс 21 маусым күні, сағат 10:00- де Түркістан сарайында өтеді.
Билеттер Түркістан сарайының кассасында сатылады.


Бөлісу