30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Шымкентте ауқымды акция өтті. Орталық мамандары, «Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымы, полиция және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары азаматтарға адам саудасының белгілері мен одан қорғану жолдарын түсіндірді.
Адам саудасы – заманауи құлдықтың ең ауыр түрлерінің бірі. Бұл қылмыстың алдын алу және құрбандарға қолдау көрсету мақсатында Шымкент қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
2020–2025 жылдар аралығында орталық 15 жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетті. Оның ішінде Өзбекстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген отандастарымыз да бар.
2021 жылы көрші елден келген екі әйел баласымен орталыққа орналастырылып, құжаттары рәсімделген соң еліне қайтарылды.
2022 жылы Қарағанды, Атырау және Қызылорда облыстарынан келген үш әйелге ҚР ҚК 308-бабы бойынша (жезөкшелікке тарту) тергеу жүргізілді. Орталық әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетті.
2023 жылы адам саудасының құрбаны болған екі азаматша орталықта бейімделу курстарынан өтіп, мамандық меңгерді.
2024 жылы Өзбекстан азаматтары Фрида Гафурова мен Каби Досмағанбетов түрлі мақсаттағы адам саудасынан зардап шегіп, орталық көмегімен құқығын қалпына келтіріп, өтініштері негізінде шығарылды.
Орталық пен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы аясында 5 мыңнан астам ақпараттық парақша таратылып, вокзалдарда, әуежайларда, перзентханалар мен кәсіпкерлік мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Шымкентте ауқымды акция өтті. Орталық мамандары, «Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымы, полиция және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары азаматтарға адам саудасының белгілері мен одан қорғану жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, «Адам саудасының құрбаны болдым» немесе «күә болдым» деген азаматтар 45-03-03 сенім телефонына немесе 11616 республикалық жедел желіге хабарласа алады.