Шымкентте стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық оқу-жаттығу өткізілді

0
100

Іс-шара барысында Шымкент қаласының резервтегі аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы мен басқа да жергілікті құрылымдық күштер тарапынан шартты қарсылас тарапынан стратегиялық маңызы бар нысанға төнген қауіптің алдын алу және оны бейтараптандыру бойынша тактикалық эпизодтар көрсетілді.


Шымкентте стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық оқу-жаттығу өткізілді

Шымкент қаласындағы “3-Энергоорталық” акционерлік қоғамының аумағында аса маңызды мемлекеттік нысандарды қорғауға бағытталған арнайы республикалық оқу-әдістемелік жаттығу өтті.

Іс-шара аясында аумақтық қорғаныс саласына жауапты құрылымдар бірлескен тактикалық іс-қимылдарды пысықтап, шұғыл әрекет ету дағдыларын жетілдірді.
Оқу-жаттығуға облыс және қала әкімдерінің әскери қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының басшылары, өңірлік қолбасшылықтың аумақтық әскер бөлімшелерінің бастықтары мен аумақтық қорғаныс бригадаларының командирлері қатысты.
Іс-шара барысында Шымкент қаласының резервтегі аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы мен басқа да жергілікті құрылымдық күштер тарапынан шартты қарсылас тарапынан стратегиялық маңызы бар нысанға төнген қауіптің алдын алу және оны бейтараптандыру бойынша тактикалық эпизодтар көрсетілді.
Шымкент қалалық аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Бақытжан Әшімовтің айтуынша, оқу-жаттығудың басты мақсаты – стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіру және азаматтық пен әскери құрылымдар арасындағы үйлесімді іс-қимылды нығайту.
Айта кету керек, оқу-жаттығуға резервтегі әскери қызметшілерден бөлек, мамандандырылған күзет басқармасы, қалалық полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және денсаулық сақтау саласының өкілдері жұмылдырылды.
Бөлісу