Шымкентте сұйытылған мұнай газының тапшылығы орын алуда

0
785

Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы литріне 4-6 теңгеге ұлғайтылды.


Шымкентте сұйытылған мұнай газының тапшылығы орын алуда

көрнекілік сурет ашық дереккөзден алынды

Шымкент қаласы бойынша сұйытылған газ бойынша тапшылық жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.

Шымкентте сұйытылған газ қоры 314 тоннаны құрайды.

ІV-тоқсан бойынша қазан айына – 6 525 мың тонна, қараша айына – 7 520 мың тонна, желтоқсан айына – 7 878 мың тонна бөлінді.

Энергетика министрлігі қазан айына 504 тонна қосымша көлем бөлді. (тек GNS бойынша таратылады)

Шымкент қаласының қажеттілігі 2023 жылы мәлімделген 30 МСҮ кезінде 9500 тоннаны құрады.Сондай-ақ ,Шымкент қаласы Әкімшілік полициясының ресми деректері бойынша сұйытылған газбен 49 538 автомобиль тіркелген.

Осыған орай, сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы литріне 4-6 теңгеге ұлғайтылды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газының бағасы 64 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда автомобильге газ құятын 218 станцияның 56 станциясында сұйытылған мұнай газы бар. 10 станция талондар мен лимит бойынша жұмысын жүргізуде.

Сонымен қатар, "ПКОП" ЖШС субъектілер бойынша қажетті көлемді баяу жөнелтуде (тәулігіне 6-7 вагон). Осыған байланысты қалада сұйытылған газ бойынша тапшылық байқалуда және бекеттерде кезектің ұлғаюы орын алып жатыр.