Шымкентте тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер талқыланған семинар-тренинг өтті

0
80


Шымкентте тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер талқыланған семинар-тренинг өтті

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тау аймағында «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты – тіл оқытуда белсенді әдістерді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру, педагогикалық тәжірибе алмасу, әдістемелік үдерісті жаңғырту және тіл мәдениетін ілгерілету.
Семинар барысында салада тәжірибесі мол мамандар өз әдістемелерін ортаға салды. Атап айтқанда, «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Клара Бейсенбаева, «Parasat AJ» мектебінің мұғалімі Динара Мүталхан, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Ахмед Уакар қатысушылармен оқытудағы тиімді тәсілдер жөнінде тәжірибе бөлісті.
Сонымен қатар, PhD доктор, гештальт-терапевт, Мәскеу Гештальт және Психодрама институтының ассистент-тренері, «INSAN» орталығының жетекшісі Салтанат Асанова «Мен – мен емеспін, егер жанымда ешкім болмаса: экологиялық (зардапсыз) қарым-қатынастың маңызы» атты психологиялық тренинг өткізіп, педагогтар мен тіл мамандарына тұлғалық қатынас пен эмоционалды қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат ұсынды.
Семинарға қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша сабақ беретін мұғалімдер мен мемлекеттік мекемелердің тілге жауапты қызметкерлері қатысты. Қатысушыларға сертификаттар, ал спикерлерге алғысхаттар табысталды.
Мұндай семинарлар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып, тіл оқыту жүйесінде тиімді әдістерді енгізуге жол ашады.
Бөлісу