Шымкентте туристік саяхат кезіндегі қауіпсіздікке арналған семинар-тренинг өтті

0
551

Аталған шара - белсенді туризм барысында оқыс оқиағалардың алдын- алу, қауіпсіздік жұмыстарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.


Шымкентте туристік саяхат кезіндегі қауіпсіздікке арналған семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Тау шатқалындағы қауіпсіздік және суда шомылу ержелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинарға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, «Альпенизм және спорттық туризм федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері мен гид-экскурсоводтар арнайы қатысты.
Аталған шара - белсенді туризм барысында оқыс оқиағалардың алдын- алу, қауіпсіздік жұмыстарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Тренинг барысында төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы көмек мәселелері сөз болды. Сондай-ақ саяхаттаудың барлық ережелерді атап айтқанда, тау шатқалындағы соқпақтарға төтеп беру, саяхатқа шықпас бұрынғы маңызды қадамдар, суға шомылудағы қауіпсіздік ережелері, саяхат барысындағы толық қажеттіліктер мен жарақтар туралы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, туындаған сауалдарына жауап алды.