​Шымкентте «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

0
136

Полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайлар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді


​Шымкентте «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шымкент қаласының аумағында 2026 жылғы 11–16 мамыр аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Осы кезеңде:
• Полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайлар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді
• Қолайсыз отбасылармен және есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық әңгімелер өткізіледі
• Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және жолын кесу шаралары күшейтіледі
• Азаматтарға құқықтық көмек пен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі
Құрметті қала тұрғындары!
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз немесе жәбір көрсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз – басты назарда!
Бөлісу