Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды

0
132

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп апталығы» іс-шарасын қорытындылау мақсатында полиция қызметкерлері, «Тазалық сақшылары», жастар және белсенділердің қатысуымен нашақорлыққа, лудоманияға және буллингке қарсы бірлескен акция өткізді.


Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды

Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Құқықтық тәртіп және тазалық» жобасы аясында қалалық коммуналдық қызметтер – «Тазалық сақшылары» құқық бұзушылықпен күресте белсенді көмек көрсетіп келеді.

Олардың қырағылығының нәтижесінде қала көшелерінде есірткі заттарын сататын интернет-дүкендердің жарнамаларын жазып жүрген 28 жастағы Шымкент тұрғыны ұсталды.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам қаржылық қиындықтарға байланысты Telegram мессенджері арқылы күмәнді «қосымша табыс» ұсынысына келісіп, белгісіз тапсырыс берушіден нұсқаулар алып, түнгі уақытта трафарет пен аэрозольді бояу арқылы тыйым салынған сілтемелерді жазған.
Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 2-бөлігі бойынша есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау қылмысы үшін 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Қалалық прокуратура тұрғындарды күдік тудыратын граффити, жарнама немесе басқа да құқық бұзушылықтарды байқаса, дереу 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп апталығы» іс-шарасын қорытындылау мақсатында полиция қызметкерлері, «Тазалық сақшылары», жастар және белсенділердің қатысуымен нашақорлыққа, лудоманияға және буллингке қарсы бірлескен акция өткізді.

Акция барысында қатысушылар «Нашақорлық», «Лудомания» және «Буллинг» деген жазулармен плакаттарды символдық түрде жойып, бұл зиянды құбылыстардың қоғамда орны жоқ екенін айқын көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды тәуелділіктердің алдын алу.

Шымкент прокуратурасы барлық азаматтарды бірге зұлымдыққа төзбеушілік танытып, қоғамды тазарту жолында белсенді болуға шақырады. Есірткі жарнамасы – бұл жай жазба емес, ауыр қылмыс.

Бөлісу