Шымкентте үш жылда 150-ге жуық спорт нысаны салынған

0
675

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.​​


Шымкентте үш жылда 150-ге жуық спорт нысаны салынған

Шымкент қаласында үш жылда 144 спорт нысаны салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұқаралық спорт халық арасында жаппай белең алу үшін қажетті спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу керектігі белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан.

2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді.
Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 миллион теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, жеке инвесторлар арқылы «SHootting plaza» әмбебап ату кешені іске қосылды.
2023 жылы «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы», «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.
Ал, жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы құрылысы бітеді деп жоспарланып отыр.
Жалпы өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты. Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады. Биылғы жылы Қаратау ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында балалар ойын алаңшасынан бөлек заманауи үлгідегі 7 ашық спорт алаңдарын салу көзделуде.