Шымкентте «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» апталығы өтуде

0
100


Шымкентте «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» апталығы өтуде

Шымкентте «Заң және тәртіп» апталығы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінде Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында азаматтарды жеке қабылдау, құқықтық кеңес беру, Агенттік қызметі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттық презентациялар өткізілді. Агенттік қызметкерлері келушілерге құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, тиісті көмек көрсетті.
Ашық есік күніне осы салаға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары да қатысты. Олар болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді мақсат тұтып, елімізде сыбайлас жемқорлықты жою ісіне өз үлестерін қосуға ниетті екендерін білдірді.
Қатысушылар адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтары төңірегінде пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Мұндай іс-шаралар қоғаммен тиімді кері байланыс орнатуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бөлісу