Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі №111 мекен жайында орналасқан заңсыз құрылыс нысаны сот шешімі негізінде заңға қайшы деп танылып, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен бұзу жұмыстары жүргізілді.
Сот шешімімен белгіленген талаптар толық орындалып, нысан толықтай бұзылғаннан кейін жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.
Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс немесе қайта жоспарлау жұмыстарын бастамас бұрын, қолданыстағы заңнамалық талаптар мен құрылыс нормаларын қатаң сақтауды сұрайды.
Аталған талаптардың сақталмауы — әкімшілік жауапкершілікке, атап айтқанда, айыппұл салуға, сондай-ақ нысанды мәжбүрлеп бұзуға алып келуі мүмкін.
Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы заңға сай әрекет ету – ортақ тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі екенін ескертеді.