Қазіргі таңда «Дархан» сауда үйі мен «Көмешбұлақ» базары маңынан қатынайтын 65 тұрақты бағыттағы автобустар мен 150-ге жуық заңсыз такси көліктері осы жаңа автобекетке көшірілуде.
ERNUR.KZ. Қала аумағынан Түркістан облысының оңтүстік аудандарына қатынайтын жолаушылар ағынын реттеу және заңсыз тасымалға тосқауыл қою мақсатында А-2 тас жолы бойында жаңа «Қазығұрт» автобекеті іске қосылуда.
Автобекеттің сипаттамасы:
•Ғимарат ауданы – 1200 ш.м.
•Күту залы – 150 орын
•Тәуліктік жолаушылар ағыны – 600-1000 адам
•Бағыттар: Жетісай, Асықата, Атакент, Мақтарал, Шардара, Сарыағаш, Абай, Жібек жолы, Қазығұрт, Рабат
Қазіргі таңда «Дархан» сауда үйі мен «Көмешбұлақ» базары маңынан қатынайтын 65 тұрақты бағыттағы автобустар мен 150-ге жуық заңсыз такси көліктері осы жаңа автобекетке көшірілуде.
Қалалық маршруттар:
Жолаушылардың жаңа автобекетке қолайлы жетуі үшін «Көмешбұлақ» аялдамасынан өтетін 9 бағыт ұйымдастырылды:
№5, 21, 32, 34, 35, 43, 56, 60, 147
Қосымша шаралар:
•«Көмешбұлақ» маңындағы бейберекет тұрақтар реттеліп,
•Республика даңғылынан Бадам өзеніне дейін арнайы қоршаулар орнатылады
•Бұл шаралар көлік қозғалысын оңтайландыруға және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
Бақылау шаралары:
Қала аумағындағы заңсыз тасымал мен бейберекет тұрақтарды жою үшін әкімдік тиісті құзырлы органдармен бірлесіп арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.