Бағдарлама аясында 60 азамат білім беру ұйымдарында оқудан өтсе, тағы 160-ы тікелей жұмыс берушілердің базасында даярлықтан өтеді. Оқу барысында тыңдаушыларға шәкіртақы төленеді: білім беру ұйымдарында – 43 574 теңге, жұмыс орындарында – 78 640 теңге.
Шымкент қаласында әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға шақырады.
Бағдарлама аясында 60 азамат білім беру ұйымдарында оқудан өтсе, тағы 160-ы тікелей жұмыс берушілердің базасында даярлықтан өтеді. Оқу барысында тыңдаушыларға шәкіртақы төленеді: білім беру ұйымдарында – 43 574 теңге, жұмыс орындарында – 78 640 теңге.
Ұсынылатын мамандықтар қатарында:
стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші сияқты қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бар.
Жаңа кәсіп меңгергісі келетіндер өздері тіркелген аудандық мансап орталығына барып, “жұмыссыз” мәртебесін алуы қажет. Осы мәртебеге ие болған азаматтар оқуға өтінім тапсыра алады.
Аудандық мансап орталықтарының мекенжайлары:
Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.