​Шымкентте жұмыссыздар кәсіп үйренеді

0
139

Қазіргі уақытта оң шешім алған жұмыс берушілермен келісімшарттар жасалып, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға жолдау жұмыстары жүргізілуде.


​Шымкентте жұмыссыздар кәсіп үйренеді

Шымкент қаласында 2025 жылы 770 жұмыссыз азаматты кәсіптік оқыту жоспарланып отыр. Бұл шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №231 бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, 610 азамат білім беру ұйымдарында кәсіптік оқудан өтсе, тағы 160 адам тікелей жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқыту жоспарланған болатын.
Жоспар аясында 34 жұмыс берушіден жалпы саны 1279 оқыту орнына өтінім түскен. Оның ішінде:
Білім беру ұйымдарында оқыту үшін 18 жұмыс беруші 935 орын ұсынған;
Жұмыс орнында оқыту үшін 16 жұмыс беруші 344 орын ұсынған.
Өңірлік комиссияның қарауына ұсынылған бұл өтінімдердің нәтижесінде:
8 мамандық бойынша 16 жұмыс берушінің 292 орны;
13 мамандық бойынша 15 жұмыс берушінің 153 орны мақұлданды.
Дегенмен, өтінімдердің бірқатарына теріс шешім шықты: білім беру ұйымдарында оқыту бойынша 643 орын, ал жұмыс орнындағы оқыту бойынша 191 орын қабылданбады.
Қазіргі уақытта оң шешім алған жұмыс берушілермен келісімшарттар жасалып, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға жолдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар еңбек нарығындағы сұранысқа сай кадрлар даярлап, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған.
Жаңа кәсіп үйренуге үміткер тұрғындар өзі тіркелген мекен жай бойынша аудандық мансап орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. “Жұмыссыз” мартебесин алған соң оқуға өтінім бере алады.
Бөлісу