​Шымкенттік көпбалалы ана қайтарымсыз гранттың арқасында өз кәсібін ашқан

0
121

Бүгінде грант иегерлері комиссия отырысында қорғаған бизнес-жобаларына сәйкес жоспарларын жүзеге асырып жатыр.


​Шымкенттік көпбалалы ана қайтарымсыз гранттың арқасында өз кәсібін ашқан

Шымкент қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Айкерім Омарова гипстен қолөнер бұйымдары мен кәдесый, тойбастар өнімдерін жасауды меңгеріп, мемлекеттің қайтарымсыз гранты арқылы кәсібін табысты бизнеске айналдырды.

Әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтардың бизнес-идеяларын қолдауға арналған 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың ІІІ легі аясында 431 адамға қаржылай қолдау көрсетілді.
Бүгінде грант иегерлері комиссия отырысында қорғаған бизнес-жобаларына сәйкес жоспарларын жүзеге асырып жатыр.
Солардың бірі Айкерім Қыдырбекқызы да грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, үй жағдайында шағын шеберхана ашқан. Ол гипстен ұлттық нақыштағы түрлі қолөнер бұйымдары мен тойбастар өнімдерін жасап келеді.
– Кәсіп бастаймын деген әрбір азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көп. Соның бірі – қайтарымсыз грант. Алдымен «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша онлайн оқып, сертификат алдым. 2025 жылдың ІІ легінде комиссия отырысына қатысып, грант иегері атандым. Қазір ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, халыққа пайдалы өнім ұсынып, табыс тауып отырмын, – дейді Айкерім Қыдырбекқызы.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 31,1 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған. Оның ішінде 340 адамға қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр.
Бөлісу