​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 17 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

0
109

Қала әкімі спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, ел мен қала абыройын асқақтатқаны үшін алғыс білдірді.


​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 17 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындары мен V жазғы Азия параойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларымен кездесті.

Халықаралық додада Шымкент спортшылары Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. Азия ойындарының қорытындысы бойынша ұлттық құраманың қоржынына 15 медаль салды. Оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 10 қола жүлде бар. Ал Азия параойындарында спортшыларымыз тағы 2 медаль – 1 алтын және 1 күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қала әкімі спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, ел мен қала абыройын асқақтатқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ олардың табысқа жетуіне зор үлес қосқан жаттықтырушылардың кәсібилігі мен қажырлы еңбегін атап өтті.
Кездесу барысында демеушілер атынан спортшылар мен жаттықтырушыларға жетістіктерін бағалау және алдағы жарыстарда қолдау көрсету мақсатында сертификаттар табысталды.
Ғабит Сыздықбеков дарынды спортшыларға тұрақты қолдау көрсетіп, олардың кәсіби дамуына және жаңа белестерді бағындыруына қажетті жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Бөлісу