Шымкенттік тұрғындардың мәселесі ескерусіз қалмайды

0
1 535

Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі тұрғын үй және жер мәселесі болған.


Шымкенттік тұрғындардың мәселесі ескерусіз қалмайды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 21 рет азаматтарға жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған 297 азамат қатысты. Жеке қабылдау қорытындысымен 228 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 69-дың мәселесі шешілген. Айта өту керек, пандемия әсерінен бұл жылы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке қабылдаулар саны кеміген.

Ал қала әкімінің орынбасарлары 47 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 206 азамат қатысқан. Оның ішінде 155 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 40 азаматтың мәселесі қанағаттандырылды.
Жалпы Шымкент қаласы әкімдігі басқарма басшылары тарапынан биыл 60 рет жеке қабылдау өткізілген. Онда 505 тұрғынның жеке мәселесі қаралды. Жеке қабылдау барысында 385 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 109 азаматтың мәселесі қанағаттандырылды. Ал 11 азаматтың мәселесі бүгінде орындалу үстінде.
Жеке қабылдауға қатысқан азаматтардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі тұрғын үй және жер мәселесі болған.