Шымкент қаласының жас құтқарушыларының бұл жетістігі - жас ұрпақтың ерлікке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке ұмтылысының айқын көрінісі.
Беларусь Республикасының Минск облысындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру сауықтыру орталығында жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың XVIII халықаралық слеті өтті.
Ауқымды додаға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің командалары қатысты.
Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Шымкент қаласының «Жас құтқарушылар» командасы сайыста ерекше көзге түсіп, мықты дайындықтарын, ширақ қимылдарын және ұйымшылдықтарын паш етті. Нәтижесінде олар жалпыкомандалық есепте жүлделі III орынды иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті.
Шымкент қаласының жас құтқарушыларының бұл жетістігі - жас ұрпақтың ерлікке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке ұмтылысының айқын көрінісі. Олар өз табыстарымен жасөспірімдерге үлгі болып, қаламыздың абыройын халықаралық деңгейде асқақтатып қайтты.