Шымкенттік жас спортшы 37 жылдан асқан рекордты жаңартты

0
171


Шымкенттік жас спортшы 37 жылдан асқан рекордты жаңартты

37 жыл, 10 ай бойы мызғымай тұрған рекорд Шымкенттен шыққан жас спортшының ерлігімен жаңарды.

15–17 мамыр күндері Алматы облысында өткен 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында ерекше сәт тіркелді. Шымкент қаласының атынан сынға түскен дарынды спортшы Максим Сажнев диск лақтыру бойынша U18 жас санатында жаңа Қазақстан рекордын орнатты! Оның көрсеткіші – 59.71 метр!

Бұл жай ғана жеңіс емес – бұл уақытты жеңу, тарихты қайта жазу. Бұған дейінгі рекорд 1987 жылы тіркеліп, ұзақ 37 жыл, 10 ай бойы жаңармаған еді. Максим сол тарихи межені бір жарыстың өзінде екі мәрте жаңартып отыр! Алдымен 58.89 метр, кейін 59.71 метр нәтижесімен ол ел спортының алтын әріптермен жазылатын жаңа парағын ашты.
Бұл — талмай тер төккен жаттығулардың, қажыр мен қайраттың, ерік пен еңбектің жемісі.
Бөлісу