​ТҰРҒЫН ҮЙДІ СУБСИДИЯЛАУ: 256 АЗАМАТПЕН ТҮЗІЛГЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ

0
781

Шымкентте жалға алынған пәтерді субсидиялауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы тексерілуде.


​ТҰРҒЫН ҮЙДІ СУБСИДИЯЛАУ: 256 АЗАМАТПЕН ТҮЗІЛГЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторингке сәйкес, 256 азаматпен жасалынған келісімшарт тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі" туралы бұйрықта көрсетілгендей аталған бағдарламаға белгіленген топтар ғана қатыса алады.
Олар: І, ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар.
Бұйрық күшіне енген сәттен бастап Шымкентте 1 769 азаматқа субсидия берілген.
Бөлісу