«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Еңбекші ауданының прокуратурасының үйлестіруімен жиын өтті.
ERNUR.KZ. Оған тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында мемлекеттік органдармен қоса «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігі, «Көмек» дағдарыс орталығы, «Ана үйі» қоғамдық қоры, «№3 әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мен «Отбасын қолдау орталығы» мекемелерінің және Шымкент қаласының «Әділетті - Алқа билерінің» билерінің өкілдері қатысты.
Айта кету керек, бұл мекемеаралық әрекеттестік күшейтілді.
Жалпы ұжымның отырысында комиссиялық түрде тұрмыстық қиын жағдайға түскен отбасылармен жеке кездесулер өткізіліп тұрады. Сонымен бірге барлық отбасыларға тиісті көмек көрсетіледі.
Нақтырақ айтар болсақ, аудан прокуратурасының тікелей араласуымен ұзақ уақыт жертөлені паналап келген жалғыз басты ана көмек көрсету орталығына орналастырылды. Осылайша бұл отбасын қауіпсіз ортаға көшіру арқылы балалардың құқықтарын қорғау және оларға қажетті әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетуге бағытталған маңызды қадам жасалды.
Жиында алдағы уақытта да бұл бағытта іс-шаралар тұрақты түрде өткізу жоспарланды.