Үшінші мегаполисте карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

0
2 460

Жаңа қаулы 29 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Үшінші мегаполисте карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары 29 наурыздан 12 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.

«Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00 - ден бастап 2021 жылғы12 сәуір сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын» деп бекітілген.


Жаңа қаулыға сәйкес, шектеу шараларына байланысты меншік нысанына қарамастан барлық ұйым қызметкерлерінің кемінде 30%-ін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруы қажет. Ас беру шараларын (30 пайыз, 50 адамнан артық емес) қоспағанда адамдардың көп жиналуына байланысты кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі. Қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану қатаң сақталынады. Сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс күндері 6.00-ден 18.00-ге дейін және демалыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады.


Дәмхана мен мейрамханалар 50 адамнан көп адамды қабылдамай, 7.00-ден 23.00-ге дейінгі уақыт бойынша үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып, жұмыс істейді.


Мерекелік іс-шаралар мен отбасылық жиындар, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. АЖБ бекеттері АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері қалыпты режимде жұмыс жасайды.Қайтыс болған кісіні еске алу шараларын 50 адамнан көп жиналмай өткізуге болады.


Спа-орталықтар, сұлулық салондары, шаштараз, монша, сауна 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Нысан тек жартылай толық болуы керек. Қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50%-дан аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр, жұмыс уақытын 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылады.


Сауда ойын-сауық орталығы 9.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады. Екінші семестрде колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқыту ұйымдастырылады. Кинотеатрлардың жұмысы (сыйымдылығы 30%-дан аспайтын, «InfoKazakhstan.kz» порталда тіркелуін, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтық сақтаумен, шахматтық ретпен отыруын және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) қалыпты режимде ұйымдастырылады.

Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта орналасқан.