​ЖАҢА ЖҮЙЕ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

0
69

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, бірыңғай мемлекеттік медициналық көмектің пакеті қалыптастырылады.


​ЖАҢА ЖҮЙЕ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

Қазақстанда медициналық көмекті қаржыландыруда жаңа модельге көшу басталды.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы өкілдері қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер мен медициналық сақтандыру аясында атқарылған жұмыс туралы өткен брифингте кеңінен тарқатып айтып берді.

Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, халықтың қажеттілігі мен бюджеттік мүмкіндіктерді ескерген өзгерістерді ұсынды. Енді 2026 жылдан бастап елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арасындағы шекара нақты ажыратылады.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, бірыңғай мемлекеттік медициналық көмектің пакеті қалыптастырылады. Бұл пакет келесідей мақсаттарды көздейді: медициналық қызметтер тізбесінің ашықтығы мен түсініктілігі, қызметтердің қайталануын болдырмау, онкологиялық және әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезеңде анықтау, пациенттерге тиімді әрі сапалы көмек көрсету.
Енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді болады. Сонымен қатар, туберкулез, АИТВ инфекциясы сынды дерттерге диагностика тегін жүргізіледі. Медициналық көмек түрлері нақты анықталып, жедел жәрдем, вакцинация, паллиативтік көмек, әлеуметтік аурулар кезінде алғашқы тексеру, шұғыл жағдайлар – бәрі базалық пакетке енеді. Жаңа жүйе ресурстарды оңтайлы қайта бөлуді және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Мұндай үлгілер шетелдік тәжірибеде де бар: мысалы, Ресей мен Эстонияның үлгісінде белгілі бір аурулар ғана тегін, ал Германия мен Нидерландыда тек мейіргерлік күтім қарастырылған. Осылайша, еліміздегі бірыңғай пакет – азаматтардың денсаулығына қолжетімділік пен сенімділікті қамтамасыз ететін нақты қадам.
Бөлісу