«ЖЕР-2025»: Шымкентте республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

0
134

Іс-шараның мақсаты – зілзала жағдайында әрекет ету жүйесін жетілдіру және әрекет етуге дайындықты арттыру.


«ЖЕР-2025»: Шымкентте республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камаловтың басшылығымен өткізілуде.

Екі күн ішінде жаттығуға қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі жедел қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлестірудің тәжірибелік дағдыларын пысықтайды. Іс-шараның мақсаты – зілзала жағдайында әрекет ету жүйесін жетілдіру және әрекет етуге дайындықты арттыру.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі таңғы сағат 08:00-де басталды. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары, сондай-ақ, ТЖМ бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Республикалық және қалалық жедел штабтар, сондай-ақ, зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған шатырлы қалашық құрылды.
«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына №52859, 28237 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктерінің, Апаттар медицинасы орталығының 269 адамы және 90 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу