15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды

0
592

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.


15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды

ERNUR.KZ. 15 жасар қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

«Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім», деді Ә.Омарханов.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.

Жұптық сында қазақстандық Әдемі Аманкелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда ресейліктер Зоя Левина - Анастасия Рожкованы тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан Дэвис кубогінде Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан - Чили матчында таразы басы теңесті.