Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты

0
1 121

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірдей брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті.


Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп жазады Zakon.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірдей брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдылықты сақтап қала алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.


Александр Бублик финалда рейтингіде 38-сатыдағы франциялық Артюр Фиспен бас жүлдені сарапқа салады. Матч бүгін, 22 қазанда Астана уақытымен 20:30-да өтеді.