Әлем елдерінің шахматшылары Павлодардағы турнирге жиналды

0
607

Халықаралық дода 21 – 31 қазан аралығында өтеді.


Әлем елдерінің шахматшылары Павлодардағы турнирге жиналды

ERNUR.KZ. Павлодарда «Pavlodar Open» халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр, деп жазады inform.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Pavlodar Open» - 2023» Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Нидерланд, Австралия, Үндістан, Израиль, Әзербайжан, Тәжікстан және Бангладештен келген 230 қатысушының басын қосты. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі 64 спортшы мен гроссмейстер бар.

Өңір басшысы Асайын Байханов «Qatar Masters Open» халықаралық турнирінде сенсациялық жеңіске жеткен павлодарлық Әлішер Сүлейменов, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және Еуропа чемпионы Александр Моисеенко, Нидерланд пен Еуропаның үш дүркін чемпионы Сергей Тивяков және Үндістанның қола жүлдегері Сетураман сынды шахматшылардың аталмыш турнирге қатысуы үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Халықаралық дода 21 – 31 қазан аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры – 23 млн теңге. Ұйымдастырушылар қатысушыларға жасы және жынысы бойынша шектеу қойған жоқ. Сондықтан үстел басында ересектер мен балалар кездесуі мүмкін. Дегенмен, ойыншылардың деңгейіне қарай турнир екі секцияға бөлінген.