Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп жазады zakon.kz.
Голубев Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті.
Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Андрей Голубев пен Денис Молчановтың финалда ұлыбританиялық-үндістандық жұп Джулиан Кэш пен Юки Бхамбримен ойнайды. Матч бүгін, 22 қазанда Астана уақытымен 16:00-де өтеді.