​Аударыспақтан Түркістан облысының спортшылары топ жарды

0
1 375

Жарыс қортындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.


​Аударыспақтан Түркістан облысының спортшылары топ жарды

ERNUR.KZ. 28 маусым - 7 шілде аралығында Астанада аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыс қортындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарға ие болды. 70 келі салмақта өнер көрсеткен Ерназар Байғонов 3 – орыннан көрінді. Ал, 80 келі салмақта Рахматіллә Есімхан жеңіпмаз атанды. 90 келі салмақта Сырым Ізбасаровқа тең келетін қарсылас табылмады. Осылайша Сырым Қазақстан чемпионы атанды.

90 келіден жоғары салмақтағы балуандар арасында да Түркістан облысының спортшысы чемпион атанды. Біржан Қосалиев барлық қарсыласынан мықты екенін көрсетіп, ел чемпионатында топ жарды.