25 қазан – 4 қараша аралығында Үндістанның Дели қаласында Құрлықтық Азия чемпионаты өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстан шахматшылары Құрлықтық Азия чемпионатында алтын және күміс медальдар еншіледі, деп жазады ҚазАқпарат.
25 қазан – 4 қараша аралығында Үндістанның Дели қаласында Құрлықтық Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Ринат Жұмабаев шапшаң ойында Азия чемпионы болды. «Күміс» Арыстанбек Оразаевқа бұйырды.
Әйелдер турнирінде қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева блицте 7-орын алып, үздік ондыққа енді.
Ал басты турнир – классикалық шахматта үздік бестікке қазақстандық Лия Құрманғалиева енді. Еске салайық, Италияда өткен Әлем чемпионатында (20 жасқа дейінгілер) Лия чемпион Говхар Бейдуллаеваны жеңіп, 6-орын алған болатын.