Астаналықтар өз айдынында "Сибирьді" 2:1 есебімен ұтты.
ERNUR.KZ. "Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.
Астаналықтар өз айдынында "Сибирьді" 2:1 есебімен ұтты. 9-минутта Аркадий Шестаков есеп ашты. Екінші кезеңде қонақтардан Вячеслав Основин көзге түсіп таразы басын теңестірді. Ал 58-минутта Линден Вей есепті еселеп, кездесудің аяқталуына 21 секунд қалғанда бос қақпаға гол салды.
Еске салайық, осыған дейін "Барыс" қатарынан 5 матчта жеңілістің кермек дәмін татып келген еді. Голдар көрсеткіші – 6:24.
Елордалықтар енді келесі кездесуін 3 қараша күні өз айдынында "Адмиралға" қарсы өткізеді.