Беларусь елінде қазақстандық балуан қыз чемпион атанды

0
1 215

Минск қаласында еркін күрестен Александрь Медведь атындағы халықаралық турнирде қазақстандық балуан қыз чемпион атанды


Беларусь елінде қазақстандық балуан қыз чемпион атанды

ERNUR.KZ. Беларусь елінің астанасы Минск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Александрь Медведь атындағы халықаралық турнирде қазақстандық балуан қыз чемпион атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Күрес түрлері федерациясы мәлім еткендей аталған турнир Беларусь елінің астанасы Минск қаласында өтті. Бұл турнир еркін және әйелдер күресінен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Биылғы додада Қазақстаның әйелдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, 55 келі салмақта күрескен Марина Седнева финалда ресейлік балуаннан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Ал 50 келіде Валентина Ислямова - күміс жүлдеге қол жеткізсе, 53 келідегі Аиша Уалишан, 68 келіде ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова мен 72 келідегі Жәмила Бақбергенова Медведь атындағы турнирдің қола жүлдесіне ие болды.