Сәкен өзбек боксшысы 1/16 финалда өзбек Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді.
ERNUR.KZ. Бүгін Сербия астанасы Белград қаласындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.
Сәкен өзбек боксшысы 1/16 финалда өзбек Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді. Қарсыласы - тәжірибелі спортшы. 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтыннан алқа таққан.
Жекпе-жек барысында Сәкен ширақ қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан басым түсті.
Сондай-ақ, бүгін тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс 75 келіде 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, 25 қазанда өткен жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалға өтті.
Еске салсақ, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дүбірлі додада төрт спортшыдан өзге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.