Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын иеленді

0
1 928

​Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті.


Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын иеленді

ERNUR.KZ. Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды, деп жазады kaz.zakon.kz


Жүлде бойынша топ-3 мемлекет:

  • Қазақстан — 9 алтын, 3 күміс, 8 қола
  • Өзбекстан — 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
  • Үндістан — 6 алтын, 8 күміс, 6 қола

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.

Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді: оның ішінде қазақстандық боксшылар Аяжан Сыдық пен Төрехан Сабырхан да (Ең үздік жас ұл боксшы) бар.