Черчесов Қазақстан футбол федерациясы бас бапкері қызметінен кетпейді

0
187

23 желтоқсан күні кешке таяу күндері 61 жастағы Станислав Черчесов бас бапкер қызметінен босатылатыны туралы ақпаратты республикалық және шетелдік БАҚ жаза бастады.


Черчесов Қазақстан футбол федерациясы бас бапкері қызметінен кетпейді

Сурет: kff.kz

ERNUR.KZ. 24 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) команданың бас бапкері, ресейлік маман Станислав Черчесовтың қызметінен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады zakon.kz.

23 желтоқсан күні кешке таяу күндері 61 жастағы Станислав Черчесов бас бапкер қызметінен босатылатыны туралы ақпаратты республикалық және шетелдік БАҚ жаза бастады.

Осы жағдайды анықтауды сұрап редакциямыз ҚФФ баспасөз қызметіне жүгінді. Федерация өкілдері түсінік берді.

"Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге үндеді.