Турнирге Қазақстаннан барлығы 11 дзюдошы қатысып жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай осы күндері Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.
Қазақстандық спортшы 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Кипр өкілі Георгиос Баларджишвилимен кездесіп, шидодан жеңіске жетті. Бұл - бұл турнирде ел қоржынына түскен алғашқы медаль.
Турнирге Қазақстаннан барлығы 11 дзюдошы қатысып жатыр.
Айта кетейік, Гран-при кеше, 18 тамызда басталып, 20 тамызда аяқталады.
Жарысқа барлығы 85 елдің дзюдошылары қатысып жатыр. Ең көп спортшы Италия мен Франциядан барған (әрқайсынан 23 дзюдошы). Бразилиядан 22 спортшы бар.