Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

0
370

Енді отандасымыз жартылай финалда ресейлік Анастасия Павлюченкомен ойнайды.


Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

ERNUR.KZ. Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 – Qatar Total Open турнирінің жартылай финалына шықты, де жазады stan.kz.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы дүрмектің жартылай финалына жолдама алды. WTA 1000 – Qatar Total Open турнирінің алғашқы айналымында қытайлық Чжу Линді 6:2, 6:1 есебімен ұтқан отанжасымыз екінші айналымда америкалық Эмма Наварродан басым түссе, ширек канадалық Лейла Фернандесті екі сетте 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Енді отандасымыз жартылай финалда ресейлік Анастасия Павлюченкомен ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен еді.