Қазақстандық Анджелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

0
778

Бұл - қазақстандықтың кәсіпқой үшінші жекпе-жегі.


Қазақстандық Анджелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Анджелина Лукас UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін Танзания өкілі Лулу Кайагемен жекпе-жек өткізіп, оны жеңді, деп жазады zakon.kz.

Бұл - қазақстандықтың кәсіпқой үшінші жекпе-жегі. Ол 11 желтоқсанда өтті және он раундқа жоспарланғанымен, ол тек екеуімен аяқталды. Лулу Кайаге жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Анджелина Лукас кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, Лулу Кайаге профессионалдарда тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады.

Алдыңғы жекпе-жегінде Лукас UBO International титулын жеңіп алды.