Жарыс жеңімпазы Норвегия командасы атанса, Франция екінші орынға ие болды, ал Германия қола жүлдемен жарысты аяқтады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық биатлоншылар Ольга Полторанина мен Никита Акимов Австрияның Обертиллиах қаласында өтіп жатқан IBU Кубогында сәтті өнер көрсетті, деп жазады baq.kz.
Спортшылар жекелей аралас эстафетада өз шеберліктерін көрсетті. Қазақстан құрамасының спортшылары бұл бағдарламада жетінші орынға тұрақтады.
Жарыс жеңімпазы Норвегия командасы атанса, Франция екінші орынға ие болды, ал Германия қола жүлдемен жарысты аяқтады.