Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Дохада өткен әлем кубогінде алтын алды

0
723

Нариман гимнастикалық ат снарядында сынға түсіп, әлем үздіктерінің алдын орады.


Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Дохада өткен әлем кубогінде алтын алды

ERNUR.KZ. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Нариман Курбанов жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

Нариман гимнастикалық ат снарядында сынға түсіп, әлем үздіктерінің алдын орады. Ол финалдағы жаттығуы үшін төрешілерден 15.200 ұпай алған.

Күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган иеленсе, қола жүлдені армениялық Арутюн Мердинян жеңіп алды.

Айта кетелік, Нариман Курбанов Котбуста (Германия) өткен әлем кубогінде финалда өнер көрсеткен болатын.