Қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті

0
428

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя Пэм Шрайвер тобында ойнайды.


Қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстан теннисі әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлемнің 12-ракеткасы Анна Данилина жұптық разрядта АҚШ-тағы Форт-Уэртте өтетін WTA-ның алғашқы қорытынды турнирінде дебюттік жеңіске жетті, деп жазады stan.kz.

Топтық кезең матчында Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен Габриэла Дабровски (Канада) және Джулиане Олмосты (Мексика) 7:5, 6:0 есебімен жеңді.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя Пэм Шрайвер тобында ойнайды.

Бұл топта канадалық Габриэла Дабровски мен мекскалық Джулиана Олмос, бельгиялық Элизе Мертенс пен ресейлік Вероника Кудерметова, украиналық және латвиялық Людмила Киченок пен Елена Остапенко бар.

Анна Данилина қазақстандықтар арасында жұптық рейтингтің көшбасшысы. Жаңартылған WTA рейтингінде ол 12 орынды сақтап қалды.