Қазақстандық теннисшілер рейтингте көш бастап тұр

0
522

14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды.


Қазақстандық теннисшілер рейтингте көш бастап тұр

ERNUR.KZ. Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингінін жария етті, деп жазады vesti.kz.

14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды. Үздік ондыққа сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4 орын), астаналық Ариана Гогулина (8 саты) кірді.

Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен тағы бір елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылықтар Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы сатыға жайғасты. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр.