Конор Макгрегор спорттан кететінін мәлімдеді

0
901

Ол бұл туралы өзініің twitter-дегі парақшасында жазды.


Конор Макгрегор спорттан кететінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жекте (ММА) өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор Макгрегор жауынгерлік аралас жекпе-жек өнерінен кететінін мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

"Сәлем, достар, жылдам хабар, мен бүгін ресми түрде "Аралас жекпе-жек өнері" деп аталып жүрген спорттан кететініміді мәлімдеймін. Бұрынғы әріптестерімнің барлығына жарыстарда жетістік тілеймін. Енді мен зейнетке шығып, өзімнің осы саладағы бұрынғы қарсыластарымның қатарына қосыламын," - деп жазды Макгрегор.

Бұған дейін, ирландиялық спортшының боксқа келуі жайлы ақпарат тараған болатын. Бірақ, енді оның бұл жоспарының қаншалықты маңызды екені әзірге белгісіз.

Конор Макгрегор ММА ережесі бойынша соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың қазан айында өткізіп, ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. ММА-да ирландиялықтың жалпы есебінде 21 жеңіс, 4 жеңіліс бар. Ол бұрын жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC чемпионы титулындарының иегері болған еді.