​Лас-Вегастағы Голокинның жекпе-жегі болмайтын болды

0
1 038

Невада штатындағы атлетика комиссиясы 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе жегінің болмайтынын хабарлады


​Лас-Вегастағы Голокинның жекпе-жегі болмайтын болды

Невада штатындағы атлетика комиссиясы 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе жегінің болмайтынын хабарлады. Жекпе жекті Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өткізу жоспарланған, деп хабарлайды bnews.kz.

Естеріңізде болса, Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен кездесуі керек болатын. Канело допинг дауымен бұл жекпе-жектен шеттетілген еді. Осы орайда қазақстандық спортшының қарсыласы әлі белгісіз болып отыр.

Головкин жоспарланаған күні Лос-Анджелес қаласы маңындағы StubHub Center алаңында өтеді. Қазірге қарсыласы белгісіз. Ирландық Гэри О’Салливан немесе украиндық Сергей Деревянченко болуы мүмкін деген болжам бар.